Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 24 мамыр 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 19.04.2019Қаралғаны: 216 рет
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ КЕЗЕКТЕН ТЫС ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНЫҢ ӨТУІНЕ ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

 

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова облыстағы ауылшаруашылығы саласының өкілдерімен кездесті. Онда алдағы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс өтетін сайлауын талқылады.

Сөз басында филиал төрағасының бірінші орынбасары "Ауыл шаруашылығы қай кезеңде болмасын экономиканың локомотиві болып қала беретіндігін айтты. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығын дамыту, жаңа технологияларды енгізу мәселелерін сөз етті.

«Қызылорда облысы 2019 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша қарқынды дамып келе жатқан үздік өңірлердің бестігіне кірді. «Бірлігі бекем елдің берекесі мол болмақ» деген. Жалпы айта кету керек, ауыл шаруашылығы саласы бойынша өнім өндіру 1,3 пайызға артты. Бұл - тыңға түрен салып, саладағы жаңа жобаларды жүзеге асырудағы сыр аграрларының еңбегі деп білемін», - деді Ақмарал Әлназарова.

Сондай-ақ, партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде Партия Төрағасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен қолға алынған «Ауыл – ел бесігі» партиялық жобасының ауылшарушылығын дамытуға оң әсер ететінін де атап өтті.

Кездесу барысында сала мамандары еліміздегі саяси оқиғаның маңыздылығы жан-жақты талқыланды. Бұл орайда, ауыл шаруашылығы саласының өкілдері, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жөніндегі шешімін, қажет кезінде қабылданып отырғандығын айтады.

«Әлемде түрлі жағдай болып жатқанда біздің елдің бекем бірлігі мен түзу тірлігі жұрттың көз алдында. Сондықтан нақтылық керек. Ал, Президент шешімі осы нақтылыққа апарар нағыз жол»,-деді өз сөзінде Жалағаш ауданынан келген «Таң ЛТД»ЖШС-нің директоры Имамзада Шағыртаев.

Жиын соңында қызылордалық аграрилер кезектен тыс Президент сайлауының өтуін толық қолдады.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея