Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 23 тамыз 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 18.04.2019Қаралғаны: 225 рет
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ӨТКІЗІЛГЕН МӘДЕНИ ШАРАЛАР

 

            18  сәуір-Халықаралық ескерткіштерді қорғау күні.

Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен бөлімге қарасты мекемелер мен ауылдық округ әкімдіктерімен бірлесіп, қала орталығындағы 11 тарихи мәдени ескерткіштерінің алдына қала тұрғындары мен мектеп оқушыларының қатысуымен:

«Асқар Тоқмағамбетов» ескерткішінде - «Есімі ешқашан да ұмытылмақ емес...»;

«Сыр батырлары» ескерткішінде - «Бүгінгі сурет-ертеңгі тарих»;

«Үш кемеңгер» ескерткішінде - «Есерткіштер мәңгі сыр шертеді»;

«Ғани Мұратбаев» ескерткішінде - «Ғани тағылымы-ұрпаққа ұлағат»;

«Ыбырай Жахаев» ескерткішінде - «Ақ күріштің атасы - Ыбырай»;

«Жалаңтөс Баһадүр» ескерткішінде - «Тұран топырағының даңқты перзенті – Жалаңтөс Баһадүр»;

«Қобыланды батыр» ескерткішінде - «Ескерткіштер елге мұра, ұрпаққа аманат»;

«Мұхтар Әуезов» ескерткішінде - «Ескерткіштер ел тарихы»;

«Мұстафа Шоқай» ескерткішінде - «Алаштың Ұлы перзенті»;

«Бұқарбай батыр» ескерткішінде - «Сайын даланың сардары - Бұқарбай»;

«Жанқожа батыр» ескерткішінде - «Ел қорғаны – Ер Жанқожа!» атты мәдени танымдық іс шаралары өткізілді.

Аталған шаралар гүл қою рәсімінен басталып, қала әкімдігі, дербес бөлімдер мен ауылдық округтер тарапынан белгілі өкілдері сөз сөйлеп, ескерткіштерге арналған баяндама жасап, оларды қадірлеу, сақтап қорғау, еліміздің төл тарихын танып білуде аса маңызды орын алатынын тілге тиек етті.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея