Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 23 тамыз 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 17.04.2019Қаралғаны: 229 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Қызылордада «Nur Otan» партиясының қалалық филиалының XXIII кезектен тыс конференциясы өтті, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.

Қатысушылар «Халыққа көмек», «Құтты мекен», «Бақытты отбасы» және «Ауыл-ел бесігі» жобаларын жүзеге асыру мәселелерін жан-жақты қарастырды.

Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бастығы Гүлмира Рахметова, «Ақжарма» ауылдық округінің әкімі, «Ақжарма» бастауыш партия ұйымының төрағасы Жұмабек Әлиев «Ауыл-ел бесігі» жобасы бойынша атқарылған жұмыс туралы әңгімелеп берді.

Еңбек және партия ардагері, «Жәрдем» бастауыш партия ұйымының төрағасы Сағындық Шәмішев халықтың өмір сүру деңгейін арттыруда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің жетекші рөлін атап өтті. Оның айтуынша, Елбасы халықтың әл-ауқатын арттыруға елеулі үлес қосып келеді, әлеуметтік жобалардың нәтижелері бақытты отбасы мен елде бақытты өмірге бағытталған.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясының Қызылорда облыстық филиалының XXIV кезектен тыс конференциясына делегаттар сайланды.

 

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея