Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 23 сәуір 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 11.04.2019Қаралғаны: 111 рет
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІН ҚАБЫЛДАУ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ ЖОБАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ

 

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қоршаған ортаға шығарылатын нақты эмиссиялар және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау туралы есептерін қабылдауға арналған «Қызылорда облысы табиғат пайдаланушыларының есебін қабылдау электронды жүйесін енгізу» жобасы әзірленді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 73 бабының 5 тармағына сәйкес табиғат пайдаланушы экологиялық рұқсатқа енгізілген табиғат пайдалану шарттарының орындалуы туралы есепті рұқсат берген органға тоқсан сайын ұсынып отыруға міндетті.

Қазіргі таңға дейін Басқарманың мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімімен табиғат пайдаланушыларға берілген қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат негізінде тоқсан сайын нақты эмиссиялар есебі қағаз түрінде қабылданды.

Іске асырылған қоршаған ортаға шығарылатын нақты эмиссиялар және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау туралы есептерін қабылдау жүйесімен II, III және IV санат объектілері бар табиғат пайдаланушылар облыс орталығына келмей аталған есептерді электрондық цифрлық қолтаңба арқылы тапсыруға мүмкіндікке қол жеткізді.

Қоршаған ортаға шығарылатын нақты эмиссиялар және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау туралы есептерін электронды түрде emission.orda.gov.kz мекен-жайына өтіп тапсыра аласыздар.

Сұрақтар туындаған жағдайда Қызылорда қаласы, Сұтан Бейбарыс көшесі №1 ғимарат, Қызылорда облысы әкімдігінің мемлекеттік мекемелер үйі, 2 қабаты, 222 кабинетте жауап алуға болады. Жауапты тұлға Жақыпова Эльвира Берікқызы. Байланыс телефонымыз: 8(7242)60-53-69.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея