Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 23 сәуір 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 11.04.2019Қаралғаны: 102 рет
ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ АУЛАЛАРДА ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗЕДІ

 

Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Қайрат Мұхитовтың бастамасымен 11-12 сәуір күндері сағат 18:00-де облыс орталығындағы көп қабатты үйлердің аулаларында «Аулаларда қабылдау» акциясы өткізіледі, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл акция полицияның ашықтығын қамтамасыз ету,  аймақ тұрғындарымен тиімді байланыс орнату және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылмақ.

Акция облыс орталығында төмендегі мекен-жайлар  бойынша өткізіледі.

1.Қызылорда қаласы Ақмешіт мөлтек ауданы №26 көпқабатты үйдің ауласы;

2.Қызылорда қаласы,Шұғыла мөлтек ауданы №26  көпқабатты үйдің ауласы;

3. Қызылорда қаласы, Жеңіс көшесі №98 көпқабатты  үйдің ауласы;

4. Қызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі №20 көпқабатты  үйдің ауласы;

Толғандырып жүрген сұрақтар мен ұсыныс-пікірлеріңіз болса, белгіленген орындарға келуге шақырамыз.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея