Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 18 шілде 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 10.04.2019Қаралғаны: 197 рет
ҮКІМЕТ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

 

Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ,Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова, Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева, Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов бар Үкімет делегациясы облыс тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге көп балалы аналар, «Батыр аналар», «Алтын», «Күміс» алқа иегерлері, әйелдер кеңесінің төрайымдары, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестік жетекшілері, мәслихат депутаттары, облыстық денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік сала мамандары қатысты.

Кездесу барысында делегация өкілдері «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап өткен табысы төмен азаматтардың, әсіресе көп балалы, мүмкіндігі шектеулі және жалғыз басты аналардың әл-ауқатын арттыру, білім беру, денсаулық салаларын жақсарту, өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік бастамаларды түсіндіріп, хабарлама жасады. Сонымен қатар, тұрғындар қойған сауалдарға жауап берді, қатысушылармен пікір алмасты.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея