Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 14 қазан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 19.03.2019Қаралғаны: 288 рет
ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ САТУШЫСЫ ЖОҚ ДҮКЕН АШЫЛДЫ

 

Қызылорда облыстық полиция департаментінің ғимаратында «Адалдық дүкені» ашылды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

 Дүкенді ашудағы мақсат – адал еңбек етуді, адалдық құндылықтарын насихаттау.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұсынысымен ашылған «Адалдық дүкенінің» ерекшелігі – дүкенде сатушы жоқ.

Дүкенде сусындар, шоколадтар мен кеңсе тауарлары қойылған. Сатып алушы өзіне қажетті затты таңдап, ақшасын төлеп кетеді.

Полиция департаментінің қызметкерлері мұндай дүкендер адамдарды адалдыққа, кісі ақысын жемеуге баулиды дейді.

Сатушысыз дүкеннің қызметі – қоғамдық сананы өзгертуге, қызметкердің жұмысы мен оның қызметін шыншылдық негізінде қалыптастыруға және жалпы адалдыққа шақыруға бағытталған.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея