Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 23 наурыз 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 13.03.2019Қаралғаны: 106 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА СҰРАНЫСҚА ИЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БОЙЫНША ОНЛАЙН-ОҚЫТУ ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

 

Жарты жыл бойы 200 қызылордалық жас frontend-әзірлемесі мен технологиялық кәсіпкерлік бойынша білім алады.

Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы жанындағы "Ақпараттық технологиялар орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен IT-echelon жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

IT-echelon жобасына қатысатын 200 адам іріктеліп алынды. Жоба аясында стартаптар мен технологиялық кәсіпкерлік бойынша семинарлар мен воркшоптар, кездесулер мен бизнес-ойындар ұйымдастырылады. Бүгін, 13 наурызда алғашқы онлайн-сабақ өтеді.

Жоба сандық дағдыларды қолдануды жандандыруға, өңірдің IT-инфрақұрылымын дамытуға және халықтың іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған.

"Бұл жобаның басым бағыты ретінде "frontend" (қосымша - сервистің бағдарламалық-аппараттық бөлігіндегі тұтынушы интерфейсінің клиенттік жағы)  пайдаланушы интерфейсін құру болып таңдалды Мамандардың бұл санаты - жұмысқа орналасу мәселесінде сұранысқа ие. Курстың бағдарламасы Қазақстанның IT-жұмыс берушілері ұсынатын нақты жобалармен жұмыс істеуге толық дайын болатындай етіп жасалған",-деді Қызылорда облысы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Индира Ақжігітова.

Сондай-ақ, жоба шеңберінде технологиялық кәсіпкерлікке, стартаптарды ұйымдастыруға және бизнес-құралдарға ерекше көңіл бөлінеді.

Кездесулерге Mail.ru, Tinkoff, BugartGames, Яндекс Chocofamily, Doctor.kz, Kazdream.kz, Kompra, Com, CTgram сияқты танымал компаниялардың өкілдері қатысады.

Осы жобаны іске асыру барысында әрбір сарапшы, баяндамашы, инвестор мен бизнес иесі ментор рөліндегі тыңдаушыны анықтайды, сондай-ақ, ұйымда практикадан өткізу және одан әрі жұмысқа орналастыру мүмкіндігін өзіне қалдырады.

Аталмыш жоба бойынша жұмыс 6 айды қамтиды. Оның ішінде 72 сағат онлайн оқыту, сауалнама жүргізу және қатысушыларды іріктеу, 6 семинар, 8 воркшоп, 4 кездесу мен 2 бизнес-модель ойындары өткізіледі. Жобаға 14-35 жас аралығындағы 200 қатысушы қатысады, оқыту ақысыз негізде жүргізіледі.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея