Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 14 қазан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 12.03.2019Қаралғаны: 263 рет
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША АҚПАН АЙЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНА 244,8 МЛН ТЕҢГЕ ЖАРНА ТҮСТІ

 

Ақпан айында медициналық сақтандыру қорына 244,8 млн. теңге жарна түсті, - деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Руслан Бектібаев. 

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 28 ақпанына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 4,16 млрд. теңгені құрады.

Оның 4,0 млрд теңгесі (шамамен 96,2%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 159,2 млн. теңге (3,8% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.  

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея