Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 22 мамыр 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 12.03.2019Қаралғаны: 193 рет
ОБЛЫС ӘКІМІ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қызылорда қаласында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың белсенді жастармен бейресми кездесуі өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Кездесуге "Атамекен" балалар ауылының тәрбиеленушілері, Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарында білім алған түлектер және түрлі салаларда жетістіктерге жеткен жастар қатысты.

Кездесу жүргізушілері – айтыскер Мұхтар Ниязов пен Жастар ресурстық орталығының "Орталық студия" жобасының жүргізушісі Бағлан Қалиев.

Аймақ басшысы облыстың дамуы туралы баяндап, кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді, ақыл-кеңестерін де айтты.

Шара соңында жыршы Марат Сүгірбай арнауын айтып, сондай-ақ, аймақ басшысы домбыра шертіп, Сыр жастарына сәттілік тіледі.

Қызылорда облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

Өңірде мемлекеттік жастар саясатын дамыту бойынша 2021 жылға дейінгі Жол картасы әзірленді.

Қызылордада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Сырдарияның сол жағалауында жастарға қызмет көрсету орталығының құрылысы жүргізілуде.

2017 және 2018 жылдары облыс түлектерінің 97% жоғары және орта арнаулы оқу орындарына түсті. Қызылорда облысы – Ресей Федерациясы Үкіметінің гранты есебінен Ресейдің жетекші техникалық жоғары оқу орындарында білім алуға жағдай жасаған республика бойынша жалғыз аймақ. 2014 жылдан бастап 520 түлек аталмыш грант иегері атанды. Алғашқы 32 түлек жоғарғы оқу орнын 2018 жылы аяқтап, аймақтың кәсіпорындарында жұмыс істеп жатыр. Биыл тағы 123 студент оқуын тәмамдайды. 2018 жылы Мәскеу және Санкт-Петербург университеттеріне тағы 58 қызылордалық түлек оқуға түсті.

Сонымен қатар, 2013 жылдан бастап еліміздің жоғары оқу орындарында ауылдық жерлердегі аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балаларын оқытуға облыс әкімінің гранты тағайындалған. 2018 жылы грант саны 2 есеге 205-ке дейін ұлғайтылып, қазіргі таңда 900-ге жуық сырбойылық түлек аталмыш грантпен білім алуда.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея