Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 18 шілде 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 12.03.2019Өзгертілді: 12.03.2019Қаралғаны: 984 рет
БОС ЛАУАЗЫМҒА КОНКУРС

Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос лауазымға конкурс жариялайды:

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қызылорда Су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры.

Функционалдық міндеттері:

- Қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес қабылдайтын шешімдердің барлық салдарына, кәсіпорын мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-шаруашылық нәтижелері үшін тұтастай жауапкершілік атқара отырып, кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметіне басшылық жасайды.

- Барлық құрылымдық бөлімшелердің, цехтардың және өндірістік бірлестіктердің жұмысын және өзара тиімді іс-қимылдарын ұйымдастырады, әлеуметтік және нарықтық басымдықтарды ескере отырып, олардың қызметін өндірісті дамыту мен жетілдіруге, кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыруға, өнім өндіру көлемінің өсуіне және пайданы ұлғайтуға, өндірілетін өнімнің сапасын және бәсеке қабілеттілігін, өз өнімімен отандық және шетелдік нарықтарды жаулап алу мақсатында олардың әлемдік стандарттарға сай келуін және отандық өнімнің тиісті түрлерінің халықтың мұқтажын қанағаттандыруға бағыттайды.

- Кәсіпорынның аймақтық және жергілікті бюджеттер, мемлекеттік бюджеттен тыс әлеуметтік қорлар, жеткізушілер, тапсырыс берушілер және банк мекемелерін қоса алғанда, кредиторлар алдындағы барлық міндеттемелерінің, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісім-шарттардың) және бизнес-жоспарлардың орындалуын қамтамасыз етеді.

- Өнімнің (қызмет көрсетудің) техникалық деңгейін және сапасын, оны өндірудің экономикалық тиімділігін  жан-жақты арттыру, өндірістік резервтерді тиімді пайдалану және ресурстардың барлық түрлерін үнемді жұмсау мақсатында жаңа техниканы және жаңа технологияны, басқару мен еңбекті ұйымдастырудың прогрессивтік нысандарын, материалдық, қаржылық және еңбек шығындарының ғылыми негізделген нормативтерін кеңінен пайдалану, нарықтық  конъюнктураны және озық тәжірибені (отандық және шетелдік) зерделеу негізінде өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырады.

- Кәсіпорынды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдері мен тәжірибесін тиімді пайдалану мен дамыту, адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың талаптарын сақтау жөнінде шаралар қабылдайды.

- Басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің дұрыс үйлесуін, мәселелерді талқылау мен шешуде бірыңғай бастама мен алқалылықтың болуын, өндірістің тиімділігін арттыруды материалдық және моральдық көтермелеуді, әрбір қызметкер өзіне тапсырылған іс үшін материалдық мүдделілік пен жауапкершілік қағидаттарын қолдануды, бүкіл ұжымның еңбек нәтижесін, белгіленген мерзімде жалақының төленуін қамтамасыз етеді.

- Еңбек ұжымдарымен және кәсіподақ ұйымдарымен бірлесіп әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шарттарды әзірлеу, жасау және орындау, еңбек және өндірістік тіртіптің сақталуын қамтамасыз етеді, кәсіпорын жұмысшылары мен қызметкерлерінің еңбек мотивациясын, бастамасын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді.

- Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді оған заңнама бойынша берілген құқықтар шегінде шешеді, басқа лауазымды тұлғаларға – басшы орынбасарларына, кәсіпорынның өндірістік бірліктері мен филиалдарының, сондай-ақ функционалдық және өндірістік бөлімшелерінің басшыларына қызметтің жекелеген бағыттарын жүргізуді тапсырады.

- Кәсіпорынның шаруашылық қызметінде және оның шаруашылық-экономикалық байланыстарды жүзеге асыруында заңдылықтың сақталуын,  нарық жағдайында қаржылық басқару мен жұмыс істеуге арналған құқықтық құралдардың пайдаланылуын қамтамасыз етеді, шарттық және қаржылық тәртіптерді нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу, кәсіпкерлік қызметке қолдау көрсету мен ауқымын кеңейту мақсатында кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын  қамтамасыз етеді.

- Сотта, төрелік сотта мемлекеттік билік және басқару органдарында кәсіпорынның мүліктік мүддесін қорғайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

- Нақты салада жоғары техникалық (жылумен жабдықтау, құрылыс-инженері, инженер-энергетик, инженер-механик) білім. Нақты салада функционалдық бағыттарына сәйкес лауазымдарда қызмет өтілі 5 (бес) жылдан кем болмау керек;

- Қазақстан Республикасының Конституциясын, Еңбек Кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік құпия туралы», нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы кәсіпорын қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі;

- Экономикалық және менеджменттік салада қызмет өтілі бар болуы, стратегиялық жоспарларды талдай білуі;

- Сонымен қатар, конкурсқа қатысушылардың уәкілетті органмен бекітілген кәсіпорын басшысының біліктілік талаптарына және лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес кәсіби білімі тексеріледі.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің                        2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген мемлекеттіккәсіпорынныңбасшысынтағайындаужәнеаттестаттау, сондай-ақоныңкандидатурасынкелісуқағидаларынасәйкесөткізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мынадай құжаттарды ұсынады:

         1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

         2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

         3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

         4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

         5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының еңбекшартыныңкөшірмесінесоңғыжұмысорнынанжұмысқақабылданғаныжәнееңбекшартыныңтоқтатылғанытуралыбұйрықтардыңкөшірмелері;

         6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс стажына, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар туралы құжаттардың көшірмелері және т.с.) ұсынуына болады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар, конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған мерзімнен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде қабылданады.

Конкурстық комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап                       5 (бес) жұмыс күні ішінде құжат тапсырған тұлғаларды әңгімелесуге қатысу туралы шешім қабылдайды.

Әңгімелесуге жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде күнтізбелік 10 (он) күн ішінде конкурсқа қатысушылармен мына мекен-жай бойынша әңгімелесу өткізеді: Қызылорда қаласы, Жахаев  көшесі № 16 ғимарат, телефон: 8-7242-27-40-32, 27-37-29.

Аталмыш лауазымға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Қызылорда қаласы әкімдігінің

«Қызылорда қаласының тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылығы, жолаушылар көлігі,

автомобиль жолдары  және

тұрғын үй инспекциясы бөлімі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

конкурстық комиссиясы

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея