Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 23 наурыз 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 11.03.2019Қаралғаны: 120 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА ЗАҢСЫЗ ОЙЫН БИЗНЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРҒАН 94 АДАМ СОТТАЛДЫ

 

Қызылорда облысында соңғы екі жылда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бойынша 88 қылмыстық іс тіркеліп, 94 адам сотты болып, заңсыз айналымнан 200-ден астам ойын автоматы тәркіленіп, жойылды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

 Келтірілген мәліметтер облыстық прокуратурамен құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінен құрылған мобильді топ жұмысының нәтижесі болып табылады.

Мысалы, жедел-іздестіру шараларының барысында Қазалы ауданында – 1 және Қызылорда қаласының аумағында заңсыз ойын мекемелерінің желісін ашқан қылмыстық топ анықталған.

Нәтижесінде, ағымдағы жылы сот үкімімен олардың барлығы кінәлі деп танылып, 7 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына тартылған.

Заңсыз ойын бизнесімен күрес жалғасуда.

Бұл жөнінде ақпараттар болған жағдайда азаматтар 8 (7242)26-20-06 сенім телефонына хабарласуларына болады, құпиялық кепілдігі бар.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея