Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 23 наурыз 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 07.03.2019Қаралғаны: 149 рет
ОБЛЫС ӘКІМІ Қ.КӨШЕРБАЕВТЫҢ 8 НАУРЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

 

Ардақты аналар, қадірлі қыз-келіншектер!

 

Сіздерді көктемнің әсем мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен  шын жүректен құттықтаймын!

Қай кезде де әрбір халық үшін әйел жанының жылулығы мен сұлулығы, мейірімділігі мен кеңдігі әлемге рух беріп келеді. Біздің ата-бабаларымыз әйелдің тек үйдегі ғана емес, жаратылыстағы маңыздылығын «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербейді» деп бір ауыз сөзбен жеткізген. Ең қасиетті ұғымдар – Отан, Ана тілі, Туған жерді ананың мейірімі мен қамқорлығына балады.

Қазір де, Сіздер, әсемдік әлемінің үлгісіндей сұлу да сымбатты қалыптарыңызды сақтай отырып, шаңырақтың шырайын келтірер Отанасы – аяулы ана, адал жар, үлгілі қызметкер миссияларын қатар алып жүрсіздер.

Сыр елінің қыз-келіншектері де барлық саланы: кәсіпкерлік пен саясат, білім мен денсаулық, ғылым мен өнерді еркін меңгеріп, бізді жетістіктерімен қуантуда.

Заманауи өмір ағымынан да қалыс қалмай, ғасырлар бойы келе жатқан халық даналығын да сақтай отырып, жер бетіндегі әсемдіктің көрінісі болып қала бересіздер.

Осындай шуақты мерекелеріңізде Сіздерге бақыт пен махаббат, еңбектеріңізге табыс, шалқар шабыт пен мол қуаныш, зор денсаулық пен отбасылық бақ-береке тілеймін.

 

        Құрметпен,

       облыс әкімі                                                                         Қырымбек КӨШЕРБАЕВ

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея