Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 22 мамыр 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 06.03.2019Қаралғаны: 206 рет
«ҚЫЗЫЛОРДА СУ ЖҮЙЕСІ» 576 ЖҰМЫСШЫҒА 82 МЛН ТЕҢГЕ ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗЫН ТӨЛЕДІ - ПРОКУРАТУРА

 

Қызылорда облыстық прокуратурасы органдарының қадағалау шараларымен 2018 жылы 492 жұмысшы алдындағы 90 млн теңге жалақы қарыздары төленді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Ағымдағы жылы Құқық қорғау қызметтері орталығына келіп түскен шағымды қарау барысында «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 576 жұмысшыға өткен жылдың қараша-желтоқсан айларына 82 млн теңге жалақылары төленбегені белгілі болды. Прокуратураның ұсынысымен берешек өндіріліп, еңбекақыны төлеу бойынша талаптарды бұзғаны үшін кәсіпорын басшысы ӘҚБтК-тің 87-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сонымен қатар, басқа үш мекеменің 241 жұмысшысына 43 млн теңге жалақы қарыздарын өндіру үшін шаралар қабылдануда.

Осы орайда облыстық прокуратура «Азаматтардың еңбекақыларын мерзімінде төлеу мәселесі облыстық прокуратураның тұрақты бақылауында. Еңбек заңнамасының талаптары бұзылған жағдайда азаматтар құпиялық кепілдігі бар 26-20-06 сенім телефонына хабарласуларына болады» деп мәлімдейді.  

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея