Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 23 наурыз 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 05.03.2019Қаралғаны: 126 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА "НҰР ОТАН" ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ АКТИВІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 

Қызылордада Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы активінің отырысы өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Партияның облыстық филиалы активінің отырысында жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары аймақта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.  Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша нақты міндеттер белгіленді.

Актив отырысына жергілікті атқарушы органдар, мәслихат, бастауыш партия ұйымдарының басшылары және партия белсенділері, жастар ұйымдары мен қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«Партия съезінде жария етілгендей, миллиондаған қарапайым қазақстандықтың тұрмысын жақсартуға, елдің әлеуметтік жағдайын күрт көтеруге бағытталған қыруар қаржының Елбасы пәрменімен уақытында ел ертеңіне деп құрылған Ұлттық қордан бөлінуі барша халқымызға жасалған аса үлкен қамқорлық. Бұл тікелей төлемақы ғана емес, сонымен қатар инфрақұрылымды, ауылдық жерлерді дамыту сияқты әлеуметтің көп қажетін қанағаттандыратын,бүкіл әлемді қаржылық дағдарыс шарпып отырған жағдайда мемлекетіміздің дамуына тың серпін беретін үлкен қолдау»,-деді аймақ басшысы.

Жиында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев өңірдегі аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтты. Естеріңізге сала кетейік, халықпен есеп беру кездесуінде облыс әкімі Қ.Көшербаев халықтың әлеуметтік қорғалмаған санатын: көп балалы отбасылар, мүгедектер, жетім балалар және т.б. тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша арнайы өңірлік бағдарлама әзірлеуді тапсырған болатын. Олардың бір бөлігі жергілікті деңгейде шешілсе, қалғандары Үкіметтің қарауына беріледі.

 Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова медицина саласын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан және жоспарланған жұмыстар туралы баяндады. Бүгінгі таңда облыс бойынша 10 қалалық, 15 аудандық және ауылдық емхана, 97 дәрігерлік амбулатория, сондай-ақ, 127 фельдшерлік-акушерлік және медициналық бекет жұмыс істейді. Соңғы 5 жылда аймақта облыстық және республикалық бюджет қаражатына 54 денсаулық сақтау нысаны салынды. Соның нәтижесінде бастапқы медициналық санитарлық көмек мекемелерінің 63 пайызы жаңартылды. "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы аясында үш деңгейлі көмек көрсету жүйесі құрылды.

 Өз кезегінде, "Жас Отан" жастар қанаты облыстық филиалының басшысы Талғат Тілес жастарға қолдау көрсету бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар жайлы баяндады. Соның ішінде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен меморандумға қол қойылған "Самға" кәсіпкерлікті дамыту жобасы, болашақта өзі қалаған мамандыққа қатысты кәсіпорындарда бітіруші сынып оқушыларының апталық тәжірибесін қарастыратын "Менің мамандығым" кәсіби бағдар беру жобасы және басқа да жастар жобалары туралы айтты.

«Бізде ауқымды бағдарламалар мен әлеуметтік жобаларды іске асыру тәжірибесі бар. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында біз тұрғын үй құрылысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік салада айтарлықтай табыстарға қол жеткіздік. Алайда, алда атқарылар міндеттерді іске асыруда атқарушы билік күн демей, түн демей, тынбай, талмай еңбек етуі керек»,-деді аймақ басшысы.

Естеріңізге салайық, жуырда Қызылордада Мемлекет басшысының "Нұр Отан" партиясының кезекті ХVIII съезінде берген тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша кеңес өтті. Кеңесте халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қолдау және ауылдық жерлерді дамыту бойынша аймақтық әлеуметтік Жол картасын әзірлеу туралы тапсырма берілді.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея