Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 22 мамыр 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 04.03.2019Қаралғаны: 174 рет
СЫР ЕЛІНІҢ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ БҮЛДІРШІНДЕРГЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

 

Қызылордада «Бақытты балалық шақты қорғау» жобасы аясында қайырымдылық концерт өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі. 

Шара Асқар Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде өтті. Қайырымдылық концерттің басты қонағы ретінде «Азия дауысы» фестивалінің және «Дарын» конкурсының лауреаты, танымал әнші Бейбіт Қорған шақырылды. Сонымен қатар концертті аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары, полиция органдарында есепте тұрған жасөспірімдер тамашалады.

Ішкі істер министрлігінің бастамасымен «2018 жыл – бақытты балалық шақ» жылы болып жарияланған болатын. Аталған имидждік жоба қоғамдағы балаларға қатысты жасалатын заңсыз әрекеттердің жолын кесу, оларға қолдау көрсету қағидатын қалыптастыруға бағытталған.

Қайырымдылық концертте балалар мерекелік көңіл-күйге бөленді.

Концерттің соңында Қызылорда облыстық полиция департаментінің басшылығы осы жобаға қолдау білдіргені үшін Бейбіт Қорғанға алғыс хат табыстады.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея