Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 22 мамыр 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 01.03.2019Қаралғаны: 201 рет
КӨШБАСШЫ ЖАСТАР ФОРУМДА БАС ҚОСТЫ

Жастар жылы аясында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде көшбасшылар форумы өткізіліп, жалпы білім беретін мектептердің оқушылары тәжірибе алмасты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Аталған шараға қаладағы "Білім-инновация" лицейі, №101, №264 және №2 "Мұрагер" мектептерінің оқушылары қатысып, көшбасшылық бағыттағы тәжірибелерімен бөлісу арқылы білімдерін жетілдірді.

Алдымен, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қатысушыларды мектеппен таныстырды. Аралау барысында зияткерлердің көлөнер бұйымдарының көрмесін тамашалады.

Форумның ашылу салтанатында Зияткерлік мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Талғат Жүсіпбек алғашқы сөз алып, форум жұмысына сәттілік тіледі. Содан соң, Елбасы мектебіндегі өзін-өзі басқару кеңесінің мүшелері кеңес жұмысын таныстырып, жастардың көшбасшылық қабілеттерді тиімді пайдаланудың жолдарымен бөлісті.

Көшбасшылар форумында окушылар шебер сағаттарына да қатысып, суретке түсіру құпиялары және саздан ерекше бұйымдарды дайындау әдістерін меңгерді. Форумның жабылу салтанатында оқушылар алған әсерлерімен бөлісе отырып дамыту жолдарын ұсынды. Сондай-ақ, оқушыларды мектеп өміріне тарту, белсенділігін арттыруға бағытталған түрлі іс - шараларды ұйымдастыру жөнінде кеңестер алды. Қатысушылардың барлығы көрермендердің қойған сұрақтарына мазмұнды жауап беріп, шешендік өнерімен және сыни ойлау қабілетімен көпшілікті таң қалдырды.

Шара соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар мен естелік фотосуреттер табысталды.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея