Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 22 қараша 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 28.02.2019Қаралғаны: 228 рет
ЗИЯТКЕРЛЕР ТАЕКВАНДОДАН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІНДЕ ТОП ЖАРДЫ

 

Таеквондодан спорт шебері Вячеслав Пакты еске алуға арналған балалар мен кадеттер арасындағы облыстық турнирде Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары үш жүлделі орынды иеленді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz

Мектептің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Қызылорда облысында таеквандо спортын дамыту және жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарысқа аудан, қала және өзге облыстан 300-ге жуық спортшы қатысты.

9 сынып оқушысы Мадияр Садуақас 68 келі салмақ дәрежесіндегі 5 палуанмен сайысқа түсті. Нәтижесінде екі қарсыласын жеңіп, қола медальді қанжығасына байлады.

Нәзік жандылар арасынан жарысқа қатысуға ниет білдірген 7 сынып оқушысы Нұрамина Абзал татамидегі жекпе-жекте мықтылығын көрсетіп, жүлделі екінші орынды иеленді.

15 жасар Самал Жұмаділдаева облыс біріншілігінде 55 келі салмақ дәрежесінде үздік өнер көрсетіп, алтын медаль иегері атанды.  

Айта кетейік, қаңтар айынан бастап Назарбаев Зияткерлік мектебінде таеквондодан спорттық секция ашылды. Қазір бұл үйірменің 7-12 сыныптар бойынша 40-қа жуық тұрақты қатысушысы бар. Секция жұмысына Азия Чемпионатының қола жүлдегері, ҚР бірнеше дүркін чемпионы, қара белбеу 2-дан иегері Сергей Пак жетекшілік етеді.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея