Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 22 қараша 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 25.02.2019Қаралғаны: 254 рет
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КАРАТЭШІ ЕУРОПАДАҒЫ ТУРНИРДЕ КҮМІС ЖҮЛДЕНІ ЕНШІЛЕДІ

 

Қызылордалық спортшы Қонысбек Әлішершәріп Словакия астанасы - Братислава қаласында каратэ-до спортынан халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kzақпараттық агенттігі.

Сыр өңірінің спортшысы Қонысбек аталмыш турнирде 16-17 жастағы өрендер арасында сынға түсті. 55 келі салмақта жарыс жолына шыққан ол ақтық сайыста ғана қарсыласына есе жіберіп қойды.

Бұған дейін аталмыш турнирде қызылордалық  Әсемгүл Ердәулет 14-15 жастағылар арасында 47 келіде алтыннан алқа таққан болатын.

Қызылордалық спортшыларды жарысқа жеке бапкерлері Рүстем Қараев пен Нұрбол Тойшыбаев дайындады. Сондай-ақ, олардың осындай зор табысқа жетуіне Қазақстан Республикасының аға жаттықтырушылары Шаттық Қажымұқан мен Асқар Молдағалидің еңбегі ерекше.

Айта кетейік, халықаралық турнирде толайым табысқа кенелген спортшыларды алда үлкен жарыстар күтіп тұр. Биыл каратэ-до спортынан Азия чемпионаты өтеді.  

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея