Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 22 мамыр 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 19.02.2019Қаралғаны: 183 рет
БАҒДАРШАМДАҒЫ «ҚОСЫМША ҚЫЗЫЛ ПЛЮС» НЕНІ БІЛДІРЕДІ?

 

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы тұрғындарға бағдаршамдағы «Қосымша қызыл плюс» көзінің нені білдіретінін түсіндіреді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қосымша қызыл плюс» бағдаршамның қосымша бөлігінің жұмыс алгоритмін интуитивті деп айтуға болмайды. Дегенмен, бұл қосымша секцияның маңызды рөл атқаратыны белгілі болды.

«Қосымша қызыл плюс» қарама-қарсы бағыттағы көліктерге солға бұруын меңзеп тұратын бағдаршамның қызыл жарығының жанып тұрғандығын көрсетеді. Жүргізушілер «қосымша қызыл плюс» жанғанда ғана солға қарай бұрылуға болады, себебі жүргізушілер әдетінше бағдаршамның қызыл сигналы жанғанда ғана әрекет етеді.

Аталмыш  «қосымша қызыл плюс»  секциясы сөнгенде қарама-қарсы бағыттағы көліктерге бағдаршамның негізгі жасыл жарығы жанып, қиылыс әдеттегідей жұмыс алгоритміне көшеді. Яғни, рұқсат етілген сигнал бойынша Сіз қарама – қарсы көліктерге жол бересіз.

«Қосымша қызыл плюс» көзінің қосымша солға қарай бұрылу көзінен айырмашылығы неде? Ол қосулы немесе сөндірулі болсын қозғалысқа тыйым салмайды. Ең бастысы, «қосымша қызыл плюс» көзі жанғанда қарама-қарсы бағыттағы көліктер тоқтайды, ал Сіз ешқандай бөгетсіз солға бұрыла аласыз. Ал, сөніп тұрған жағдайда қарама – қарсы бағыттағы көліктерді өткізе отырып, солға қарай бұрыла алатындығын хабарлайды.

Аталған қосымша секцияның басты мақсаты жүргізушілерге қарама-қарсы бағытта орналасқан бағдаршамның жасыл сигналының жанғандығын және солға бұрылу барысында барынша ұқыпты болуды хабарлайды.    

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея