Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 22 мамыр 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 18.02.2019Қаралғаны: 833 рет
ХАБАРЛАНДЫРУ!

 

2019 жылдың 25 ақпан күні сағат 16.00-де Қызылорда қаласына қарасты:

1) Тасбөгет кентінде (Ш.Есенов көшесі №5, С.Майханова атындағы мәдениет үйі);

2) Белкөл кентінде (Т.Әбуов көшесі №37, кент клубы);

3) Ақжарма ауылдық округінде (Абай көшесі №9, ауыл клубы);

4) Қызылжарма ауылдық округінде (Қ.Сексенбаев көшесі №38, мәдениет үйі);

5) Ақсуат ауылдық округінде (О. Жәкенов көшесі №22, мәдениет үйі);

6) Қосшыңырау ауылдық округінде (Бейбітшілік көшесі №25, Абай мәдениет үйі);

7) Талсуат ауылдық округінде (Абай көшесі №48, №178 орта мектеп);

8) Қызылөзек ауылдық округінде (Абылайхан көшесі №30, ауыл клубы);

9) Қарауылтөбе ауылдық округінде (А.Иманов көшесі №1, №179 орта мектеп) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы бойынша 2018 жылдың қорытындысы жөнінде жария талқылау өткізілуі жоспарлануда.

Сонымен қатар, 25 ақпанкүні қала әкімдігінің:

1) қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде (әлеуметтік сала бойынша Қазантаев
көшесі №43 мекен жайында орналасқан ғимаратта,
азаматтық хал актілерін тіркеусаласы бойынша Айтеке би көшесі №21 мекен жайында орналасқан ғимаратта);

2) қалалық білім бөлімінде (Сұлтан бейбарыс көшесі №5);

3) қалалық сәулет және қала құрылысы, қалалық жер қатынастары, қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария, Қызылорда қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі,автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімдерінде (М. Шоқай көшесі №147) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы бойынша 2018 жылдың қорытындысы жөнінде жария талқылау және «Ашық есік» күні ұйымдастырылуы жоспарланып отыр.

Осыған байланысты, мемлекеттік қызметтер көрсету процессімен танысып, осы сала бойынша хабардарлығыңызды ұлғайтқыңыз келсе аталған жария талқылауға және «Ашық есік» күніне келіп қатысуыңызды сұраймыз.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея