Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 23 сәуір 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 07.02.2019Қаралғаны: 201 рет
АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚАЛА ӘКІМІНЕ ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУДІ ТАПСЫРДЫ

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қала әкімінің халыққа есеп беру кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысы облыс орталығында жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға берді. Мысалы, соңғы жылдары Қызылордада 16 әлеуметтік нысан (білім беру саласында 12 нысан, денсаулық сақтау, мәдениет, дене шынықтыру және спорт салаларында 2 нысаннан) салынды, сондай-ақ бұрынғы нысандарда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Рухани жаңғыру» орталығы мен 320 орындық балабақша салынған сол жағалау аймағын игеру жалғасуда. Онда "Болашақ" университеті мен жастар ресурстық орталығының құрылысы жүріп жатыр. Жақында сол жағалауда бірінші шағын аудан пайдалануға беріледі.

Дегенмен, шешуді талап ететін мәселелер аз емес екендігін де атап өткен аймақ басшысы қалада 760 гектар индустриалды аймақ ашылып, өңірдегі жобаларды іске асыруға инвестиция тарту қажет екендігін айтып өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ЖӨӨ-нің жыл сайынғы 4 пайызға өсуіне қол жеткізу мақсатында өнеркәсіптің, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіптің өсуі бойынша кешенді жұмыстар жүргізу қажет.

«Айта кету қажет, қазіргі таңда Веб-портал арқылы келіп түсетін, әлеуметтік желілерде көтерілетін ұсыныс-пікірлер, проблемалық мәселелер аз емес. Олардың ішінде біршама көп кездесетіні - қаламыздың жаяу жүргіншілеріне арналған жолдарды жөндеу мәселелері. Соған сәйкес, 2017-2019 жылдары 22 көшеге жаяу жүргінші жолын салу жоспарланған. 2017 жылы Қорқыт Ата көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаяу жүргінші жолы салынды. Дереу қажетті шаралар қабылдансын, бұл-адамдардың өмірі мен қауіпсіздігі», - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ қоғамдық көліктердегі тазалық пен сапалы қызмет көрсету, сондай-ақ жаңа шағын аудандарда жаңа маршруттар құру мәселелері де кезек күттірмей  шешуді қажет етеді.

Қаладағы ең өзекті мәселелердің бірі – Әл-Фараби, Саяхат, Титов, Сабалақ, Наурыз, КБИ сияқты шалғай аудандарда көшелер салу. Аймақ басшысы қала әкіміне тұрғындардың ұсыныстарын қарастырып, оларды тез арада шешу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

2016 жылы «Бәйтерек» шағын ауданында 6054 жеке тұрғынүй құрылысына арналған жер телімі инженерлік желілермен қамтамасыз етіліп, толығымен кезекте тұрған азаматтарға табысталды. 1447 жер телімі ғана игеріліп, құрылыс жұмыстары жүргізілген. Қалған 4607 жер телімі осы күнге дейін игерілмеген.

«Учаскелердің бос қалуына жол беруге болмайды, оларға бюджеттік қаражатқа инженерлік коммуникациялар жүргізілген болатын. Облыс прокуратурасына берілген жер учаскелерінің пайдаланылуына қатысты тексеру жүргізуді тапсырамын», - деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, облыс әкімі тұрмыстық қалдықтарды төгу, «Бәйтерек» шағын ауданын газбен қамту мәселелерін де айтып өтті. Жекеменшік мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиешілердің денсаулығы мәселесін ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Одан бөлек, аймақ басшысы ағымдағы жылы іске асыру жоспарланған жобаларды атап өтті. Атап айтқанда, Жаппасбай батыр көшесіндегі 600 орындық мектеп құрылысы, тұрғынүй және инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым құрылысы, соның ішінде «Сабалақ» және «Наурыз» шағын аудандарын сумен қамтамасыз ету, мәдени - демалыс саябағын одан әрі абаттандыру және Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жастар ресурстық орталығының құрылысын аяқтау.

Сонымен қатар, облыс экономикасына жаңа инвестициялық жобаларды тарту қажет, сондықтан да қол жеткізген жетістіктермен тоқтауға болмайтындығын ескертіп, сөзін түйіндеді облыс әкімі.

Дәстүр бойынша тұрғындар алдында есеп беру кездесуінде Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев инфрақұрылымды дамыту, тұрғынүй құрылысы және облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуының басқа да бағыттары туралы баяндады, қала тұрғындарының ұсыныстары мен сұрақтарына жауап берді

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея