Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 23 сәуір 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 06.02.2019Қаралғаны: 187 рет
«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНЕ ЖАҢА РЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

 

«Болашақ» университетінің ректоры лауазымына техника ғылымдарының кандидаты, жас ғалым Қуаныш Дәуренбеков тағайындалды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Қуаныш Қойшығұлұлы 2005 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінде «Инженер-жүйетехник» біліктілігін үздік дипломмен бітірген.

Еңбек жолын Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінен бастап, Мәскеу қаласындағы И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетіне «Математическое и программное обеспечение вычислительных машин, комплексов и компьютерных сетей» мамандығы бойынша аспирантураға түскен.

2008 жылы профессор И.В.Ретинскаяның ғылыми жетекшілігімен «Адаптивная обучающая программа для нефтегазовой отрасли» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.

Қызылорда облысының «Жыл ғалымы» номинациясының, республикалық «ХХІ ғасыр оқытушысы» конкурсының І орын, «ЖОО үздік оқытушысы-2013» грантының иегері атанды. Одан өзге, 80-нен астам ғылыми еңбектің, 1 патент, 6 авторлық куәлік, 1 оқу, 4 әдістемелік құралдың авторы.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея