Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 23 сәуір 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 01.02.2019Қаралғаны: 231 рет
ЖАСТАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

 

Сыр өңірінде биылғы жастар жылына орай бірқатар шаралар өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

 Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақовтың айтуынша мамыр айында облыстық ауыл жастарының слеті ұйымдастырылмақ. Онан соң, түркі тілдес елдер жастарының халықаралық фестивалі Қармақшы ауданында, «Жас Отан» жастар қанатының республикалық тынығу лагері Қамбаш көлінің жағасында өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, қала мен аудандардан «Жастар сарайы» және «Жастар аллеясы» ашылмақ.

«Облыс жастарына бір терезе қағидасы бойынша қызмет көрсету мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін пайдалана отырып, жаңадан бой көтерген Сырдария өзенінің сол жағалауында Жастарға қызмет көрсету орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Аталған нысан «Жастар жылы» аясында пайдалануға берілетін болады», - деді Қуаныш Жанұзақов.

Әрбір қазақстандық келешектің негізгі факторы – білім екенін жақсы біледі. Саналы тәрбиемен қоса сапалы білім алу - аса маңызды. Осыған орай жастар жылында қызылордалық жастар бірқатар интеллектуалды-инновациялық жобаларды қолға алды. Олар «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі – жастардың заманауи білімінде» атты TEDх форматындағы республикалық форумы мен «Hack Day» және «HARDATHON» байқаулары.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея