Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 23 ақпан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 31.01.2019Қаралғаны: 145 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА АУА РАЙЫНЫҢ ҚОЛАЙСЫЗДЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ 131 АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ

 

Қызылордада ауа райының қолайсыздығына байланысты 131 адам зардап шекті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz тілшісі. 

Қызылорда қаласында кеше жаңбыр жауып арты мұзтайғаққа айналды. Соның салдарынан бірнеше жол-көлік оқиғалары орын алды. Олардың бейне жазбалары әлеуметтік желіде желдей есіп, тез тарап кетті. Ауа райының қолайсыздығынан жарақат алған адамдар баршылық.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, қалалық ауруханада 131 адамға көмек көрсетілген. Оның 8-і ауруханаға жатқызылған. Сонымен қатар Арал ауданында 5, Қазалыда 1 адам жарақаттанып, Қармақшы ауданында тағы 1 адам жансақтау бөліміне түскен.

Қызылорда Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Қызылорда қаласында 11 жол-көлік оқиғасы орын алып, 2 адам ауруханаға жеткізілген. Ал, қала аумағынан тыс жерлерде 6 көлік оқиғасы тіркеліп, 2 адам жарақаттанған. Адам шығыны жоқ. 

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея