Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 20 тамыз 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 31.01.2019Қаралғаны: 219 рет
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ "E-COLLЕGE" ЦИФРЛЫҚ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛУДЕ

 

Сыр өңірінде М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледждінде "E-COLLEGE" цифрлық басқару жүйесі қолданысқа енгізілді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Аталған жүйе республика бойынша алғаш рет пайдаланылуда. Жүйе арқылы студент жатақханаға орналасуға тапсырыс береді және нәтижесін бақылайды. Студент өзінің жеке кабинеті арқылы сабақ кестесімен, өтетін орнымен, журналдағы бағалармен, емтихан қорытындыларымен таныса алады. Жүйенің тағы бір тиімділігі оқу кітаптарымен танысып, оларды жүктеп алуға болады. Бұл қызметтер телефон арқылы да қолжетімді.

"E-COLLEGE" жүйесіне студенттермен қатар ата-аналардың қатысу мүмкіндігі бар. Ата-аналар анонимді сауалнамаға қатысып, балаларының сабаққа қатысуы мен оқу үлгерімін бақылай алады.

"E-COLLEGE" цифрлық басқару жүйесі Қызылорда педагогикалық жоғары колледждінде өткізілген семинар барысында облыстағы барлық колледждерге таныстырылды.

Сонымен қатар, колледжде студенттерге қызмет көрсету бұрыштары ашылған. Бүгінгі таңда өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары облыстағы 3 жоғары оқу орнында және 29 колледжде ашылып, тиімді жұмыс жасауда.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея