
Енгізілді: 22.01.2019Өзгертілді: 06.02.2019Қаралғаны: 979 рет
ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» №256 бұйрығына сәйкес, Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі субсидиялар алуға арналған өтінімдерді қабылдау 2019 жылдың 20 қаңтарынан басталғанын хабарлайды.
«Қызылорда қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» КММ Қызылорда қаласы, М.Шоқай көшесі,147 үй.
Индекс:120016, телефон: 70-11-58, факс 70-10-02