Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 21 маусым 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 11.01.2019Қаралғаны: 256 рет
«ЕСКІ БАЗАРДАҒЫ» РЕТСІЗ САУДА РЕТТЕЛЕ МЕ?

 

Қызылорда қаласы әкімдігінің бастамасымен «Ескі базар» маңында орналасқан ретсіз сауда орындарын ретке келтіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған шара қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының бірлесуімен өткізілді.

Сауда орындарын ретке келтіру кезінде анықталған заң бұзу фактілеріне сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілді. Бұл жұмыстар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-бабына сәйкес жүргізіліп, сатушыларға жергілікті атқарушы орган белгілеген жерлерден тыс орындарда сауда жасау әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатындығын ескертті.

Шараға қатысушы мамандар бұл істің бір күндік емес екенін айтуда. Базар аумағы сала мамандарының күнделікті бақылауында болады.

Сонымен қатар мамандар базар маңындағы азық-түлік өнімдерін сатушы жеке кәсіпкерлерге тамақтан улану фактілерін алдын-алу бағытында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізді. Мамандар қоғам арасында санитарлық тазалықтың және гигиеналық нормативтердің сақталуын талап етті.

Осы орайда қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мамандары тұтынушыларға сатушының азық-түлік өнімдерін сату барысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтағандығына көз жеткізіп, жедел ішек аурулары мен тағамнан уланудың алдын алуды ескертеді.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея