Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 21 маусым 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 10.01.2019Қаралғаны: 341 рет
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯ ТУРАЛЫ

 

2018 жылғы желтоқсанда тұтыну тауарлары бағасының индексі 101% құрады, деп хабарлайды облыстық статистика департаменті.

Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 1,6%, азық-түлік емес тауарларына - 1%, ақылы қызметтерге - 0,2%-ға жоғарылады.

Азық-түлік тауарлар тобында өткен айда бағаның жоғарылауы жаңа жиналған көкөністерге 27,5%, жұмыртқаға - 7,1%, шикі сүтке - 4,7%, құс етіне - 3,9%, балық және теңіз өнімдеріне - 1,9%, жаңа жиналған жемістерге - 1,8%, май және тоң майға - 0,4%-ға байқалды. Бағаның төмендеуі қантқа 0,8%-ға тіркелді.

Азық-түлік емес тауарлар тобында бағаның өсімі тұрмыстық тоқыма бұйымдарға 3,2%, ойындар, ойыншықтарға - 2,3%, киім және аяқ киімдерге - 1,4%, жиһаз және үй тұрмысына қажетті заттарға - 1,2%-ға тіркелді. Дизель отыны 12,4%, бензин 0,2%-ға қымбаттады.

Ақылы қызмет көрсету тобында сағат пен зергерлік бұйымдарды жөндеуге 4,6%, жолаушылардың әуе көлігіне - 3,5%, мейрамханалар мен қонақ үйлерге - 1,5%, саяхаттар мен демалыс үйлеріне жолдамаларға - 0,9%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтерге - 0,4%-ға өсті. Бағаның төмендеуі жолаушылар темір жол көлігіне 4,8%-ға тіркелді.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея