Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 21 маусым 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 27.12.2018Қаралғаны: 274 рет
СИНОПТИКТЕРДІҢ 27 ЖЕЛТОҚСАН КҮНГІ АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ

 

27 желтоқсан күні еліміздің батыс және оңтүстік-шығыс облыстарында құбылмалы күн райы сақталады. Кей жерлерде жауын-шашын жауып, батыста түнде қатты жауын-шашын күтіледі. Республиканың кей жерлерінде көктайғақ, тұман, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, түнде желдің күші 15-22 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының жекелеген аумақтарында бұрқасын болжанады.

 Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с артады. Ақтөбе облысының жекелеген аумақтарында бұрқасын соғады.

Алматы, Түркістан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз Түркістан, Қостанай облыстарының жекелеген аумақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік  Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде Шығыс Қазақстан облысында, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Алматы облысының солтүстігінде қатты аяз болуы ықтимал.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея