Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 22 мамыр 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 27.12.2018Қаралғаны: 798 рет
2019 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАҢТАРЫНАН БАСТАП ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА ИМПОРТТАЛҒАН ТАУАРЛАРДЫ ӨТКІЗІП, ШОТ-ФАКТУРА ЖАЗБАУҒА БОЛАДЫ

 

 

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін Салық кодексінің 412-бабы 1-тармағы 5)-тармақшасының редакциясына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған кездеимпортталған тауарларды өткізген жағдайдасалық төлеушілершот-фактура жазып беруге міндетті.

Сонымен бірге,Салық кодексінің 412-бабы 13-тармағынасәйкес шот-фактураны жазып беру мынадай жағдайларда:

1) есеп айырысулары:

сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегін ұсына отырып, қолма-қол ақшамен және (немесе) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары арқылы;

төлем карточкаларын пайдаланып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдана отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілген;

2) есеп айырысулары электрондық ақшамен немесе электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға өткізілген;

3) жеке тұлғаға ұсынылған коммуналдық көрсетілетін қызметтер, байланыс қызметтері үшін есеп айырысулар екінші деңгейдегі банктер, пошта операторы арқылы жүзеге асырылған;

4) теміржол немесе әуе көлігімен жолаушыны тасымалдау қағаз жеткізгіштегі жол жүру билетімен, электрондық билетпен немесе электрондық жол жүру құжатымен ресімделген;

5) тауар дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлғаға өтеусіз берілген;

6) Салық кодекстің 397-бабында көзделген қызметтер (қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық операциялар бойынша) көрсетілген жағдайларда талап етілмейді.

Жоғарыда жазылғандарға байланыстыимпортталған тауарларды өткізген жағдайдаСалық кодексінің 412-бабы 13-тармағының 1) - 6)-тармақшаларымен қарастырылған жағдайлардашот-фактураларды жазып беруталап етілмейді.

 

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея