Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 21 маусым 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 25.12.2018Қаралғаны: 328 рет
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

 

Облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы лауазымына Қордабай Нұрғали Рахымшаұлы тағайындалды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрғали Қордабай 1976 жылы туған. Қызылорда политехникалық институтын «Бухгалтерлік есеп және аудит», Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Құқық» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы «Дәнекер» АҚ бухгалтері ретінде бастаған.

1999-2015 жылдары Қызылорда облысының салық органдарында жауапты басшылық қызметтер атқарған.

2015-2016 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің кеңесшісі.

2016 жылдың мамыр айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея