Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 21 наурыз 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 24.12.2018Қаралғаны: 207 рет
ҚЫЗЫЛОРДА ХҚКО 1 МИЛЛИОННАН АСТАМ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысының филиалы ағымдағы жылдың 11 айында аймақ тұрғындарына көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қорытынды брифинг өткізді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

 Жалпы облыс бойынша Қызылорда облыстық филиалы құрамында 13 фронт-офис, 41 бэк-офис, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.

Корпорация бизнес-процестерді автоматтандыру, қызметтер мен ақпараттық базаларды электрондық форматқа ауыстыру жұмыстарын сәтті жалғастырып келеді. Қазіргі таңда 741 мемлекеттік қызметтің 80 пайыздан астамы мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылуда.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айдын Қайруллаевтың айтуынша, 2018 жылдың 11 айы ішінде филиал өңір тұрғындарына 1 млн. 200 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсеткен. Қызметтердің 500 мыңнан астамы электрондық форматта ұсынылған.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыстық әкімдікпен бірлескен іс-қимыл жоспары негізінде Филиал арқылы 2018 жылдың 11 айында  50 мыңға жуық адам цифрлық сауаттылық курстарынан өтіп, тиісті сертификаттарын алды.  Одан бөлек, Қызылорда қаласындағы үш ЖОО-да студенттерге қызмет көрсету орталықтары ашылды. Филиал мамандары ондағы қызметкерлер үшін қысқа мерзімді курстар ұйымдастырып, оқыту жұмыстарын жүргізді.

2018 жылы «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер көрсеткіші 72 пайызға артқан. «Connection point» арқылы 2017 жылы 208 562 қызмет алынса, 2018 жылы бұл көрсеткіш 744 865-ке дейін жеткен. Яғни 72 пайызға артып отыр. Бұл да өз кезегінде жергілікті халықтың цифрлық дағдыларының жоғарылағанын білдірсе керек.

Айта кетейік, мемлекеттік корпорация ТМД елдері арасында алғашқы болып мемлекеттік қызметтердің проактивті қағидатын енгізді. Оңтайландыру аясында іске қосылған жоба арқылы проактивті форматта туу туралы куәлік рәсімдеуге болады. Жоба іске қосылғалы бері облыс бойынша сәбилі болған 6300-ден аса анаға проактивті қызметтерді алуға SMS ұсыныс жолданды. Соның негізінде 5 мыңнан астам туу туралы құжат рәсімделіп, балабақша кезегіне 4 000 бала тұрды. Сондай-ақ 2500-ден астам жәрдемақы тағайындалған.

Брифинг барысында филиалдың мамандандырылған ХҚО арқылы көрсетілген қызметтердің реті де баян етілді. 11 ай ішінде онда 65 мыңнан астам қызмет көрсетілген. Қызылордалықтар барлығы 92 млн теңгеге  жоғары сұранысқа ие 384 нөмер сатып алған. Сондай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы 133 автокөлік тіркеліп, 2 мыңнан аса өңір тұрғыны жүргізуші куәлігін рәсімдеген. Бүгінде мамандандырылыған ХҚО-ға автокөлігін тіркеуге келген азаматтар, сонымен қатар бос жатқан кез келген нөмірді, нақтырақ айтқанда саудаға түспейтін нөмірді және әріптік таңбаларды таңдай алады.

“Бүгінде жер және жылжымайтын мүлікті тіркеу мемлекеттік қызметтері «бір терезе» қағидаты бойынша ХҚО арқылы жүзеге асады. Қызметтерді бір жерден алу мүмкіндігін ұсыну - өкілетті органдар мен азаматтар арасындағы тікелей байланысты болдырмай, сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, әкімшілік кедергілерді азайтады”, - дейді мемлекеттік корпорация филиалының директоры Айдын Қайруллаев.

Сонымен қатар бүгінде мемлекеттік корпорация жүктілікке, мүгедектік алуға, асыраушысынан айырылуына байланысты және зейнетақы тағайындау сияқты 43 түрлі әлеуметтік төлем бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. Есепті мерзімде Филиалмен әлеуметтік сала бойынша барлығы 108 мың қызмет көрсетілген.

І және ІІ топ мүгедектігі бар адамдар электрондық үкімет порталының 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметтерді үйлерінде алып отыр. Қоңырау арқылы тапсырыс берілгеннен кейін мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері бұл азаматқа 72 сағат ішінде барады. Жыл басынан бері филиалдың мобильді жұмыс тобы 1800-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азаматтың өтініші бойынша үйіне барып, 2200-ден артық қызмет көрсетті.

Облыс бойынша жаңа жыл қарсаңында миграциялық қызмет көрсету орталығын ашу көзделуде. Шетелден келген азаматтар бұған дейін салық мәселесі, ЖСН  және медициналық анықтама алу үшін бірнеше жерге барып, 5-6 күнін жоғалтатын. Енді еңбек мигранттары қажетті қызмет түрлерін «бір терезе» қағидаты бойынша  ала алады.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея