Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 20 наурыз 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 21.12.2018Қаралғаны: 235 рет
ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ЖАЙДАРМАН ОЙЫНЫ ӨТТІ

 

Қызылордалық жас мемлекеттік қызметшілер арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атауымен жайдарман сайысы болып өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz облыстық соттық баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Сайыс Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне орай ұйымдастырылған шараға облыс бойынша жас мемлекеттік қызметшілерден құралған 11 команда қатысып, өзара бақ сынасты.

Ойын барысында командалар сыбайлас жемқорлық, саясат, мемлекеттік қызмет тақырыбын өз әзілдеріне қосты. Олар әзіл арқылы қоғамдағы кейбір келеңсіз жағдайларды көрсетіп, сыбайлас жемқорлықпен қоғам болып күресуге үндеді.

Аталған сайыста Қызылорда облыстық сотының намысын «Ұлы дала заңгерлері» командасы қорғады. Сот ұжымының қойылымдары көпшілік көңілінен шықты.

Сайыс соңында қазылар алқасы тартысты сайыстың жоғарғы деңгейде өткендігін атап өтіп, жеңімпаздарды анықтады.

Сайыс қорытындысы бойынша І орынды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің командасы иеленсе, ІІ орын Жалағаш аудандық әкімдігінің «жайдарманшыларына» бұйырды, ал ІІІ орынды облыс әкімдігінің командасы иеленді.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея