Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 21 қараша 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 21.12.2018Қаралғаны: 325 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА УАҚЫТ БІР САҒАТ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ

 

20 желтоқсаннан 21 желтоқсанға қараған түні Қызылордадағы облыстық алаңда ресми түрде уақыт бір сағатқа кері шегерілді.

Үкіметтің 2018 жылдың 7 желтоқсаны күні қабылдаған қаулысына сәйкес бүгінгі түннен бастап 10 жыл бұрын Астана уақытына ауыстырылған Қызылорда "өз уақытына" қайтып келді.

Ал сағатты ауыстыруға жарты сағат қалғанда алаңда жергілікті әртістердің қатысуымен концерт өткен. Бұл шараға қала тұрғындары, жастар, мемлекеттік қызметкерлер қатысқан.

Алғашында қимылсыз тұрған жұрт сәлден соң 15 градус аязда тоңбас үшін билей бастапты.

Жиылғандардың көбі сағаттарын бір сағатқа кейін шегеріп қойғанымен, екіншілері оның ауыстырылмауы мүмкін деп үміттенген көрінеді.

Соңғы екі минутта облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов сөз сөйлеп, уақыттың ауыстырылуы халық денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігіне оң әсерін тигізетінін айтты.

Ал әлеуметтік желідегі Қызылорда топтарында сағат ауыстырылуы ең өзекті мәселе болды.

"Енді 13 жыл бойы Астана уақытынан қалып отырамыз", "Жұма көрініп жатыр ма?", Адамдарға кедергі болған осы, сағаттың айырмашылығы ма? Адамдар өз-өздеріне мәселе туындатады дейді. Енді тұрғындар билет сатып алу және басқа мәселелерде қиналатын болады. Астана уақыты ыңғайлы еді", "Қызылордада 25 сағаттық тәуліктер басталды" деді желі қолданушылары.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея