Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 18 қаңтар 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 12.12.2018Қаралғаны: 450 рет
ХАБАРЛАНДЫРУ!

Бүгінгі таңда халық арасында жинақтаушы зейнетақы жүйесі жайлы көптеген сұрақтар туындап жүр, осы орайда, біз БЖЗҚ Қызылорда облыстық филиалының бас маман-заңгері Динара Бұйрабайға жолығып, сұхбат алдық.         

- Елу (50) жастан асқан салымшы (алушы) зейнетақысын алдын-ала ала алады ма? Алған жағдайда, ол қандай көлемде болады?

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңының 59-бабының 1-тармағына сәйкес ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi қамтамасыз ету үшiн зейнетақы жинақтары жеткiлiктi болған кезде:

ерлер 55 жасқа толғанда;

әйелдер 50 жасқа толғанда (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 50,5 жасқа;

      2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 51 жасқа;

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 51,5 жасқа;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 52 жасқа;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 52,5 жасқа;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 53 жасқа;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 53,5 жасқа;

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 54 жасқа;

      2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 54,5 жасқа;

      2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 55 жасқа толғанда;)

мiндеттi зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып, сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы жүзеге асыру туралы зейнетақы аннуитетi шартын жасап, зейнетақы жинақтарын ала алады. 2018 жылы сақтандыру ұйымдары cалымшылардың жинақтары 13 000 000 теңгеден асқан жағдайда аннуитет шартын жасап жатыр.

- Салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда, жеке зейнетақы шоттарындағы ақша қалдықтары мен оның қозғалысы туралы анықтамалар оның туыстарына беріледі ме?

 Жеке зейнетақы шотының болуы, ондағы ақша қалдықтары мен оның қозғалысы туралы анықтамалар, салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда, заң бойынша мұрагерлікке құқығы туралы куәлікке сәйкес мұрагерлер болып табылатын немесе өсиетте аталған адамдарға жазбаша сұрау салу бойынша не соттарға олардың іс жүргізуіндегі мұрагерлік істер бойынша ұйғарымның негізінде беріледі. 

 

– сұхбатыңызға рахмет. Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея