Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 15 желтоқсан 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 30.11.2018Қаралғаны: 138 рет
МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯДА ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

 

Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалы ұжымы салтанатты жиынмен атап өтуде.

Жалпыхалықтық мерекеге айналып үлгірген атаулы күннің басты шарасы филиалдың орталық кеңсесінен бастау алып, қалалық, аудандық бөлімдерде жалғасуда.

Жиынның ашылу салтанатында сөз алған филиал директоры Айдын Қайруллаев пен биылдан бастап филиал жанынан құрылған ардагерлер кеңесінің төрағасы Болатбек Пұсырманов келгендерге Елбасының өнегелі өмір жолынан сыр шертіп, ерен еңбектері жөнінде тәлімді әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, салтанат барысында аймақтың өркендеуіне үлес қосып, мемлекеттік қызмет көрсету жұмысын ілгерілетіп жүрген бірқатар сала мамандары алғыс хаттармен марапатталды. Сала ардагерлерінің де еңбегі ескеріліп, мейрам қарсаңына 60-тан аса зейнеткер ақшалай сыйақыға ие болды.

Шара соңында жиналғандар Ұлт көшбасшысы туралы бейнебаян тамашалап, ой-пікір бөлісті, ұжым болып естелік суретке түсті.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея