Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 15 желтоқсан 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 29.11.2018Қаралғаны: 126 рет
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚШЫЛАР І ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

 

Жамбыл облысында қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан аймақтық ашық турнир болып өтті. Бұл турнирде Қызылорда облысының құрама командасы жеңіске жетті.

Жамбыл облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, 27-28 қарашада «Тараз-Арена» спорт сарайында өткен жарыста Қызылорда, Жамбыл облыстары және Тараз қаласынан 100-ге жуық спортшы сынға түскен.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған жарыс қазақтың ұлттық ойынын дәріптеуді мақсат етті. Сайыс Жамбыл облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Қазақтың ұлттық ойыны Тоғызқұмалақ федерациясы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген.

Жарыстың қорытындысы бойынша қызылордалық тоғызқұмалақшылар І орынды иеленді. Жамбыл облысының Қордай ауданы командасы ІІ орынды, Меркенің тоғызқұмалақшылар ІІІ орынды қанжығаларына байлады. Командалар кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея