Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 15 желтоқсан 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 28.11.2018Қаралғаны: 159 рет
«ҚЫЗЫЛОРДА-ЖЕЗҚАЗҒАН» ЖОЛЫ САЛЫНАТЫН БОЛДЫ

 «Қызылорда-Жезқазған» тас жолының құрылысына қомақты қаржы бөлінді. Жолды жөндеу жұмыстары 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Бұл туралы сенат депутаты Мұрат Бахтиярұлы Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды.

«2019-2021 жж. арналған үш жылдық бюджет кеше сенатта қабылданды. Соңғы он жыл ішінде Парламент қабырғасында үнемі көтеріліп келе жатқан «Қызылорда-Жезқазған» тас жолына қомақты қаржы бөлінді. 2020 жылы – 26 млрд 142 млн, 2021 жылы – 24 млрд 720 млн. Барлығы – 50 млрд 862 млн теңге. Бұл жол қызылордалықтар үшін ғана емес, түркістандықтар мен көрші өзбектер үшін де Орталық және Солтүстік Қазақстанға жолаушы және тауар тасымалдаудың ең төте жолы. Тек бөлінген қаржы шашау шықпай, жол сапалы төселсе екен», – деп жазды сенатор.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея