Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 15 желтоқсан 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 28.11.2018Қаралғаны: 145 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА ТӨЛЕГЕН МҰХАМЕДЖАНОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

 

Биыл ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Төлеген Мұхамеджанов мерейлі  70 жасқа толды.  Композитордың мерейлі мерекесі қарсаңында Нартай Бекежанов атындағы музыкалық драма театрда "Құс жолы" атты шығармашылық кеші өтті.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Төлеген Мұхамеджановты мерейтойымен құттықтады.

"Осы бір толғанысты сәтте сонау тоқсаныншы жылдары талғампаз көрерменнің жүрек төрінен орын алып, шынайы махаббаттың көрінісін бейнелеген талантты режиссер Талғат Теменовтің "Махаббат бекеті" фильмін еске түсірсек деймін. Күні бүгінге дейін өз тыңдармандарын еселей түскен "Махаббат бекеті" композициясының авторы Төлеген Мұхамеджанов болатын. Төлеген Мұхамеджанұлы тек махаббат әнін жазатын  композитор болып қана қалған жоқ, ол симфония, опера, камералық шығармалар жазып, қазақ өнерінің классикалық үлгісін дамыта білді. Бүгінгі өнер кешінің «Құс жолы» аталуы да тегін емес. Құс аспанға ғана лайық болса, құс жолы ұлылыққа ғана лайық», - деді аймақ басшысы

Шығармашылық кеште музыкант жары, опера әншісі Нұржамал Үсенбаевамен бірге "Мен сенімен кездестім", "Махаббат диалогы" авторлық композицияларын орындады.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея