Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 15 желтоқсан 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 23.11.2018Қаралғаны: 193 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨТКЕН ЖӘРМЕҢКЕДЕ 150-ДЕН АСА БОС ОРЫН ҰСЫНЫЛДЫ

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Қызылорда қаласы әкімдігімен бірлесе отырып «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесін ұйымдастырды.

 

А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткізілген жәрмеңке мемлекеттік органдар мен жеке мекемелерге өздерінің талаптарына сәйкес келетін мамандарды табуға, ал жәрмеңкеге келушілер үшін мамандықтары бойынша жұмыс іздеуге үлкен мүмкіндік берді.

 

Шараға жұмыс беруші ретінде қаладағы 22 мекеме мен кәсіпорындардан 100-ден аса бос жұмыс орындары ұсынылса, 11 мемлекеттік орган 50 бос орынды жәрмеңкеде ұсынды.

200-ден аса жұмыс іздеуші азаматтар қатысып, 88 азаматқа жолдама берілді.

Жыл басынан бері Қызылордада мемлекеттік органдардың қатысуымен мұндай жәрмеңке тоғызыншы рет өткізілуде.                                        

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея