Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 15 желтоқсан 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 22.11.2018Қаралғаны: 198 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚЫЛМЫС САНЫ 14 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕГЕН

 

Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Мұхитов облыс тұрғындарына есеп берді.

 Кездесуге облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов, мемлекеттік мекеме басшылары, мәслихат депутаттары, консультативтік-кеңесші орган мүшелері, ардагерлер кеңесі, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, облыс және қала тұрғындары қатысты.

Есепті кездесуде департаменттің бастығы Қайрат Мұхитов облыс көлемінде қабылданған шаралар нәтижесінде қылмыс саны өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға төмендеп, қылмыстық ахуалдың тұрақты екендігін айтты.

Қайрат Болатұлы полиция жұмысын жаңғырту, жаңа сатыға көтеру, азаматтардың құқығын қорғайтын тәртіп сақшысының имиджін қалыптастыру, сонымен қатар, полиция қызметіне сандық технологияларды енгізу жұмыстары жөнінде сөз қозғады. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары мен халық арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру полиция қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыратынын алға тартты.

Департамент бастығы кездесуге келген азаматтардың сауалдарын, толғандырған мәселелерін тыңдап, толыққанды жауаптар беріп, түйткілді мәселелерін жақын арада шешетіндігін жеткізді.

Еркін сұхбаттасу алаңында облыс тұрғындары тікелей департамент бастығына өз сауалдарын жолдауға мүмкіндік алды.

Жиын соңында облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов полиция қызметі халықтың сенімі арқылы өлшенетінін айтты.

Айта кетерлік жайт, есептік кездесу өтер алдында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында арнайы хабарландыру жарияланып, облыс және қала тұрғындары өз сауалдарын электрондық пошта, әлеуметтік желілер және ресми веб-сайт арқылы жолдауларына мүмкіндік алды.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея