Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 15 желтоқсан 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 20.11.2018Қаралғаны: 212 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА БИЫЛ 16 АДАМНАН АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫ АНЫҚТАЛҒАН

 

 Бүгін ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының ұйымдастыруымен өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында БАҚ өкілдерінің қатысуымен «АИТВ/ЖИТС-тің өзекті мәселелері» тақырыбында баспасөз-мәслихаты болып өтті. Жиынға ЖИТС орталығының бас дәрігері Тәңірберген Амитов, орталықтың эпидемиологиялық  бөлімінің меңгерушісі Салтанат Балықбаева және емдік-көмек бөлімінің меңгерушісі Шолпан Өтегенова қатысты.

Баспасөз-мәслихаты барысында орталықтың бас дәрігері Тәңірберген Амитов биыл ЮНЭЙДС-тің баяндамасы бойынша Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы 30-шы рет 15 қараша мен 15 желтоқсан аралығында «АИТВ статусыңды біл!» ұранымен жарияланып отырғанын айтып өтті.

Бүгінгі күні республика бойынша АИТВ жұқтырып тіркелгендер саны 32548 адамды құрап отыр.  Жұқтырғандардың 68% жыныстық қатынас арқылы, 28% иньекциялық есірткі тұтыну барысында жұқтырғандары анықталып отыр. Олардың 62% ерлер,  38% әйелдер құрап отыр. Жас ерекшеліктері бойынша 20-29 жас аралығындағылар 19%, 30-39 жас аралығындағылар 41%, 40-49 жастағылар 25 %.

Қызылорда облысында АИТВ/ЖИТС оқиғасы анықталған сәттен бері 139 адам тіркеліп отыр. Жұғу жолдары бойынша 66% жыныстық қатынас арқылы жұқтырғандар құраса, 24% инъекциялық есірткі тұтынушылар құрап отыр.  Әлеуметтік  жағдайы бойынша  53 %  жұмыссыздар, 26% жұмыс істейтіндер құрап отыр.

Үстіміздегі жылдың 10 айында 16 адамнан (2017ж -19 адам) АИТВ инфекциясы анықталды. Анықталған АИТВ жұқтырғандарды талдайтын болсақ олардың 8-і, яғни 50 пайызы ер адам, қалған 8-і әйелдер болып отыр. 94% жыныстық қатынас арқылы жұқтырған.  Жас ерекшеліктері бойынша 37,5% 20-29 жас аралығындағылар, қалған 62,5%-ы 30-59 жас аралығындағылар болып отыр. Әлеуметтік статусы бойынша 43,7% жұмыссыздар, 50% жұмыс жасайтындар, 6,3% зейнеткер. Анықталғандардың 62,5% қала, 37,5%  ауыл тұрғындары.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея