Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 15 желтоқсан 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 20.11.2018Қаралғаны: 181 рет
ҚАМШЫБЕК ҚОҢҚАБАЕВ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ ЖЕҢІСІН «ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ 200 ЖЫЛДЫҒЫНА» АРНАДЫ

 Маңғыстау облысы Ақтау қаласында бокстан ерлер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында жерлесіміз Қамшыбек Қоңқабаев алтын жүлдені жеңіп алды. Ол ел чемпионатындағы жеңісін «Қызылорда қаласының 200 жылдығына» арнады.

 

91 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Сыр боксшысы үш кездесуде де қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді. Оның алдағы жоспары  -  2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін келесі жылы Азия және Әлем чемпионаттарына дайындалады.

Сондай-ақ, дүбірлі додада жерлестеріміз 60 келі салмақта Бағдат Уайдаев пен 75 келіде Тұрсынбай Құлахмет қола жүлделерге қол жеткізді.

 

Жалпы жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және 14 облыстан 200-ге жуық былғары қолғап шеберлері 10 салмақ дәрежесінде шеберлік байқасты.

Спортшыларды жарысқа ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалым Байғұндиев, облыстың аға жаттықтырушысы Жамиль Жүсіпов және жаттықтырушы Сейітжан Төкенов дайындады.       

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея