Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 16 желтоқсан 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 05.11.2018Қаралғаны: 247 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА "MAGNUM CASH & CARRY" БӨЛШЕК-САУДА ЖЕЛІСІНІҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ

300-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Сыр өңірінде Қазақстандағы "Magnum Cash & Carry" бөлшек-сауда желісі ашылды. Облыс әкімі Қ.Көшербаев сауда орталығында болып, қала тұрғындарын құттықтады.

«Мемлекет басшысының өзі бүгінде біздің алдымызға экономиканың жетекші күші - орта және шағын бизнесті жан-жақты қолдауды басты міндеттердің бірі ретінде қойып отыр. Сол себепті, биылдан бастап алдағы үш жылды, 2018-2021 жылдарын аймағымызда «Кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жарияладық. Осы ретте, өңірімізде шағын және орта бизнесті дамыту, соның ішінде халыққа барынша қолайлы жағдай жасалған заманауи ірі кәсіпкерлік нысанның ашылуы - уақыт талабына сай іске асуы тиіс жоба»,-деді аймақ басшысы.

Бүгінде "Magnum"-да 322 адам жұмыс істейді. 18 мыңнан астам өнім түрі ұсынылған, сатып алушыларға 27 касса қызмет көрсететін болады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де кассалар қарастырылған.

Айта кету керек, "Магнумның" жеке наубайханасы аймақ тұрғындары үшін нан-тоқаш өнімдерінің 50-ден астам түрін шығарады.

"Magnum" Жібек жолы даңғылы бойындағы "Array City Mall" сауда ойын-сауық орталығының бірінші қабатында орналасқан. Жалпы "Aray City Mall" сауда ойын-сауық орталығы Тәуелсіздік күні қарсаңында толық пайдалануға беріледі. Мұнда түрлі брендтер мен сауда орталығының екінші қабатында «Фанкитаун» (Funky town) әртүрлі атракциондар, симуляторлар және ойын аппараттарымен жабдықталған балалар алаңы, "Киноплекс" (Кinoplexx) желісінің 7 залдық кинотеатры, фудкорт және мейрамханалар орналасатын болады.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея