Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 16 желтоқсан 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 05.11.2018Қаралғаны: 214 рет
ЖОБА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ

Қызылорда қаласы тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру,  олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жаңа инновацияны кеңінен тарату мақсатында қолға алынған «Ақылды қала» жобасы  іске аса бастады.

Облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлерге арналған «ОV Orda» бұлтты бейнебақылауы аясында Қазақтелеком АҚ-ның қаржысы есебінен қаладағы тұрғын үйлерге видеодомофондар орнатылуда. Оның ерекшелігі, тұрғындар үшін мобильді қосымшалары жасалып, бір апталық бейнежазбалары мұрағатта  сақталатын болады. Абоненттік төлем әр пәтерге 300-500 теңге көлемінде қарастырылған.

Бірінші кезеңде, былтырғы жылы Астана мөлтек ауданындағы 2 көпқабатты
тұрғын үй қосылған.
Екінші кезең бойынша Сырдария, СПМК-70, Арай-2, Сұлтан Бейбарыс, Мерей  мөлтек аудандарындағы 91 көпқабатты тұрғын үй қосылатын болады. Сондай-ақ үшінші кезеңде жыл аяғына дейін тағы 50 көпқабатты тұрғын үйді қосу жоспарланған.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея