Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 15 желтоқсан 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 02.11.2018Қаралғаны: 194 рет
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР САНЫ АРТУДА

 

Жыл санап Қызылорда қаласында қоғамдық көліктер саны артып келеді. Халықтың қалауы да осы болатын. Қала тұрғындарының бұл мәселесі уақыт өткен сайын шешімін табуда. 

 

Осы орайда халықтың қоғамдық көлікке деген сұранысын қанағаттандыру, қала көлеміндегі кіші сыйымдылықтағы қоғамдық көліктердің орнына орта және жоғары сыйымдылықтағы автобустармен ауыстыру бағытында орта сыйымдылықтағы 150 автобус алу жоспарланса, ағымдағы жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға  10 автобус сатып алынды.

Осы саладағы жағымды жаңалықтардың бірі сәуір айынан бастап «Ақылды қала» жобасы аясында, қоғамдық көліктерде арнайы орнатылған мобильді қосымша арқылы (OyBy) электронды төлем жүйесі, телефон теңгеріміндегі ақшамен жол ақысын төлеу мүмкіндігі жасалды.

Жолаушыларға жайлы жағдай жасау мақсатында қалалық бюджеттен бөлінген 22 млн. теңгеге қала көшелеріне қосымша 10 аялдама орнатылды.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея