Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 16 желтоқсан 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 01.11.2018Қаралғаны: 170 рет
ӘЛЕУМЕТТАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ҚАДАМДАР

 

Қызылорда облысы әкімдігінде «Әлеуметтанушының қоғамдағы рөлі» тақырыбында облыстық семинар өтті. Онда әлеуметтану ғылымының кешегісі мен бүгіні, ертеңі туралы толымды ойлар айтылды. Сондай-ақ қоғам дамуының қажеттілігіне орай туындаған ғылымның болашағы мен дамуы туралы да өзекті мәселелер ортаға салынды.

Мемлекеттегі саясат, құқық, экономика, мораль, өнер, дін мәселелерін зерттеу, мониторинг жасау мен нәтиже бойынша жемісті жетістікке жету жолындағы механизмдер айтылды. Айтулы шарада өңіріміздегі әлеуметтік зерттеулермен айналысып жүрген «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ақпараттық-талдау орталығы мамандары, оның ішінде орталықтың жетекші сарапшысы, әлеуметтік ғылымдарының магистрі, әлеуметтанушы Нұрсұлтан Қаражан «Әлеуметтанушының қоғамдағы рөлі туралы» баяндама жасап семинарға қатысушыларының толғандырған сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Сәулет Сахиев аймақта жүргізіліп жатқан әлеуметтік зерттеулер жайлы баяндады. Семинарға БАҚ өкілдері, қалалық және барлық аудандық ішкі саясат бөлімдерінің мамандары қатысып өзара тәжірибе алмасты.          

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея