Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 16 желтоқсан 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 01.11.2018Қаралғаны: 178 рет
ОҚУШЫЛАР ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

 

Алматы қаласында Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушылары арасында өткен республикалық желілік ғылыми жобалар байқауында Қызылорда Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары 4 жүлделі орынды иеленді.

Осы жылы байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 163-тен аса қатысушы жиналды. Жас ғалымдар жұртшылыққа математика, информатика, химия, лингвистика, өлкетану, қоршаған ортаны қорғауға байланысты өздерінің инновациялық идеяларын, үздік өнертабыстарын ұсынды. Ғылыми жоба байқауында өз жобаларын қорғаған Қызылорда зияткерлік мектебінің 8 оқушысының 4-еуі жеңіспен оралды.

12-сынып оқушысы Жанагүл Тынысбек газ кеніштерінде ұңғымаларды тиімді орналастырудың математикалық моделін құру жобасын таныстырды. Ұңғымаларды орналастыру есебіне теориялық және сандық зерттеу жүргізген жас зерттеуші геологтармен бірлесе қажетті параметрлерді жинақтап, газ өндіру коэффициентін арттыратын жаңаша математикалық формула құрды. Жоба алматылық ғалымдар тарапынан жоғары бағаланып, жүлделі 1-ші орынға лайықты деп танылды.

Екінші орынға 12-сынып оқушысы Алтынай Әбдіжәмілдің жобасы ұсынылды. Бұл жобада жоғары фитонцидтік белсенділігі бар жабайы өсімдіктермен аумақты көгалдандыру арқылы жұқпалы аурулардың алдын алу идеясын ұсынды. Кейбір өсімдіктердің фитонцидтік қасиеттеріне салыстырмалы талдау жүргізгеннен кейін, жас биолог туберкулез ауруын азайтатын аймақтың климаттық жағдайларына төтеп беретін «өсімдік антибиотиктерінің» тізімін жасады.

10-сынып оқушысы Гүлдана Сабитова «Лингвистика» секциясына қатысып, жүлделі екінші орынды иеленді. Оның жобасы Қызылорда облысындағы жасөспірімдердің көркем әдебиет оқу деңгейі мен қазақ әдебиетіне қызығушылығын зерттеуге бағытталған.

Шакиман Әлихан 3D модельдеуді пайдалана отырып, баламалы энергияны ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін және атмосфераға көмірқышқыл газының шығаруын азайтуға мүмкіндік беретін электр генераторының ең тиімді моделін әзірледі. Жоба өзектілігін ескерген қазылар алқасының назарын өзіне аударған Әлихан жүлделі үшінші орынды иеленді.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея