Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 16 желтоқсан 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 29.10.2018Қаралғаны: 194 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА "ЕҢБЕК АЛЛЕЯСЫ" ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ

 

Қызылорданың 200 жылдық мерейтойы аясында қайта жаңғыртылған "Еңбек аллеясының" ашылуы мен мерекелік концерт өтті. Шиелі ауданы Ы.Жақаев көшесінде орналасқан"Еңбек аллеясын" қайта жаңғыртып, таныстырылымын ұйымдастырды.

Жаңғырту жұмыстары демеушілердің қаражаты есебінен жүргізілді: "Еңбек аллеясы" деген жазу жаңартылды, аллея аумағында абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Шиелі ауданы өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдарының концерті өтті.

Облыс әкімі Қ.Көшербаев аллеяны қайта жаңғырту жұмыстарымен танысып, аудан жұртшылығымен кездесті.

Естеріңізге сала кетейік, Қызылордада аудандардың шығармашылық ұжымдарының концерттері және қала мерейтойына арналған мерекелік іс-шаралар өткізілуде. Бұған дейін қалада Жалағаш, Арал және Қазалы аудандарының күндері өтті. Қызылорданың 200 жылдық мерейтойына тарту ретінде "Жалағаш-жырдың мекені" көрмесі ұйымдастырылып, «Арал тартуы» мен «Жалаңтөс бахадүр» аллеялары жаңғыртылды.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея